5 қазан –Ұстаздар мерекесіне орай № 145 "Бірқазан" орта мектебінде Ұлттық ойындардан ұстаздар арасында жарыс ұйымдастырылды. Қалалық білім бөлімі, қалалық мәдениет және спорт бөлімі және KEMEL- SPORT клубының мұрындық болуыларымен өткізілген сайысты мектеп директоры К.Тулеуова сайыскерлерге сәттілік тілеп, ұстаздар мерекесімен құттықтау лебізімен ашып берді. Спорттың
Асық ату;
Ләңгі тебу;
Пневматикалық винтовкадан тир ату түрлерінен жүлдені сарапқа салған қалалық білім бөліміне қарасты мектептердің ұстаздары сайысты қыздыра түсті. Жарыс қорытындысы бойынша:
Ләңгі тебу сайысында:
ІІІ орынды -Н.Махамбетов /№ 280 мектеп/
ІІ орынды - Н.Жулаев /№ 173 мектеп/
І орынды - А.Ақылбеков /№1 мектеп/ иеленді.
Асық ату сайысында:
ІІІ орынды -М.Асқар /№ 280 мектеп/
ІІ орынды -Е.Ерсұлтанов /№ 173 мектеп/
І орынды - И.Ережепов /№ 1 мектеп/ иеленді.
Пневматикалықвинтовкадан тир ату сайысынды:
ІІІ орынды -А.Қайранов /№ 145 мектеп/
ІІ орынды - Ғ.Сембаев /№ 179 мектеп/
І орынды - Н.Омарбеков /№145 мектеп/ иеленді.
Үш сайыстың қорытындысы бойынша командалық есепте:
ІІІ орынды -№ 1 мектеп спортшылары;
ІІ орынды - № 145 мектеп спортшылары;
І орынды - №173 мектеп спортшылары жеңіп алды.
Ж Ү Л Д Е Г Е Р Л Е Д І Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !
https://sh-145kzo-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/180-ltty-ojyndar-ltty-m-ramyz.html#sigFreeIdad4f5e53b6






