Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде  екінші реет аталып өтеді. Былтыр 29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған еді. Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып белгіленді.

Жас ұрпаққа айтулы күннің маңызы мен құндылығын насихаттау мақсатында 5 - 6 сынып оқушыларының бірлескен сынып сағаты өткізілді. Оқушылар ел тарихы мен болашағы жайлы ұтымды ойларын ортаға салып, жыр шумақтарын оқыды.