2023 жылдың 23 қазан күні № 145 «Бірқазан» орта мектебінің кітапхана залында 25 қазан - Республика күніне арналған кітап көрмесі өтті.  Кітап адам өміріндегі ең қажетті құндылық және ондағы білімді заман талабына сай жүйе арқылы бойымызға сіңіріп, сол арқылы өз-өзімізді тәрбиелей аламыз. Сондықтан көп кітап оқып, кітап жанашыры болуға шақырамыз.

Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының асыл мұрасын қастерлейтін парасатты, ұлтжанды, бәсекеге қабілетті, өз құқығын білетін адамгершілігі мол саналы азамат болуға тәрбиелеу ерекше, қызықты етіп жасау, оқырман қауымды жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.