04.12.2023 жылы №145 "Бірқазан" орта мектебінде 11 сынып оқушыларына арналған «ҰБТ ға сеніммен барайық» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингте оқушыларға нұсқау беріліп: «Ассоциация – бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басыңа келуі. Ең бірінші бізге қатысушының айтқан сөзіне байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз, ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады. Ал мен бастаймын: Емтихан ...» ары қарай оқушылар әрқайсысы ойына тез түскен нарсені айта бастайды.

Ойландыру мақсатында ең маңыздысы оқушылар өздері ҰБТ жайында ой қалыптастырып, «ҰБТ маған не бере алады?» деген тақырыпта ой түйіндері тыңдалынды.

Жеңіске жетуге талпындыру мақсатында «Мен неге қолжеткізгім келеді?» жаттығуы жасалынды. Сергіту жаттығулары жасалып, оқушылардың бойына сенімділік ұялады. Тренингті мектеп педагог-психологы Ә.Қоңырбаева өткізді.