Жастардың қоршаған орта мен араласуы, бір-бірімен сөйлесуі кемшіл түсіп жатқан уақытта белең алған дебат өнерін дамыту мақсатында, №145 орта мектебінде жоспар бойынша дебат турнирі өткізіліп келеді.

2023 жылдың 25 желтоқсан күні №145 орта мектебінде 9 - 10 сыныптар арасында «Б.П. Балаларға қандай мамандықтаңдау қажеттілігін ата-аналар шешуі тиіс» тақырыбында мектепішілік дебат турнирі болып өтті.Ойын барысында оқушылар дайындықпен келіп, тартысты ойын көрсетті. Ойын нәтижесінде, 10 сынып оқушыларынан құралған «Ақиқат» фракциясы I орынды , 9 сынып оқушыларынан құралған «Шах» фракциясы II орынды иеленді. . Ал, ойында озық ойлылығымен, сөзге шеберлігімен көзге түскен Халилуллаев Әбілмансұр «Үздік спикер» номинациясына қол жеткізді. Алдағы күндері оқушылардан қызықты да тартысты ойындар күтеміз. Дебат жетекшісі : Ә.Қоңырбаева